Қосымша бес мың білім гранты кімдерге беріледі

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады. Білім гранттарын тағайындау және ждоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш; 2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезінде түпнұсқа); 3) ҰБТ сертификаты; 4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама; 5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Сондай-ақ, балалардың көпбалалы отбасынан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасы қатарынан екендігін растайтын құжаттар көрсетілуі керек.
2019 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант берілді. Мемлекеттік тапсырыстың 47 пайыздан көбі инженер, өңдеу және құрылыс салалары мен IT-технологияға қарастырылған. 8276 грант - педагогика ғылымына, 4088 - грант жаратылыстану ғылымы математика мен статистикаға, 2200 грант - қызмет көрсету мамандықтарына, 1615 грант - өнер мен гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринарияға, 2183 грант әлеуметтік ғылым, бизнес пен экономикаға берілді.