Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің міндетіміз халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өмір сапасын арттыру

Біздің міндетіміз халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өмір сапасын арттыру

    Соңғы жылдары қаламыздың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар, жаңа көшелер пайда болып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артуда. Ағымдағы жылдың 6 айының өзінде қала экономикасының барлық көрсеткіштері бойынша көңіл қуантарлық нәтижелерге қол жеткіздік.    БЮДЖЕТ: Жыл басында қаламыздың бюджеті 43 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, 6 айдың қорытындысымен 70 млрд. теңгеден асты. Бұл — бюджет көлемінің жыл басынан бері 62,5 пайызға (27 млрд.теңге) ұлғайғанын көрсетеді. Өз кезегінде, қала бюджетінің 2019 жылдың 6 айына кірістер болжамы 30,8 млрд. теңгеге жоспарланса, нақты түсім 31 млрд. теңгені құрап, 100,8 пайызға орындалды.
    Оның ішінде өз кірістеріміз болжанған 7,9 млрд. теңгенің орнына 8,1 млрд. теңгеге немесе 102 пайызға орындалды.
    ӨНЕРКӘСІП: Есепті кезеңде өнеркәсіп кәсіпорындарымен 372 млрд. теңгенің, ал өңдеу өнеркәсібі саласында 18 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Яғни, бүгінгі күнге өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 90,7 пайызды, ал өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 92,8 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін өткен жылмен салыстырғанда 50,5 пайызға арттыруға қол жеткізіп, нәтижесінде қалаға 58,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Айта кету керек, облысқа салынған инвестицияның 32,5 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ: Мемлекет тарапынан жан-жақты көрсетілген қолдаудың арқасында шағын және орта бизнестің көлемі ұлғайып келеді. Жыл басынан бері жаңадан тіркелген 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінде 1 мың 600 жаңа жұмыс орындары ашылды. Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тең жартысы, яғни 50,8 пайызы Қызылорда қаласына тиесілі.
    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: Ағымдағы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,3 млрд. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады. Қала бойынша 390 шаруа қожалығының бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылды. Егіс көлемдерін әртараптандыру мақсатында, барлығы 8 мың 583 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 4 мың 11 гектарына күріш орналастырылды. Қала шаруашылықтары есепті мерзімде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Ауғанстан, Түркменстан мемлекеттеріне 25 мың тоннаға жуық күріш экспорттады.
   ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ:  Биылғы жылы Саяхат тұрғын ауданы, Әл Фараби тұрғын аудандарында тас жол құрылысына облыстық бюджеттен барлығы 350 млн. теңге бөлінді. Қызылорда қаласы Жезқазған трассасының бойындағы 150 гектар жер аумағы, Саяхат тұрғын ауданы және Қорқыт Ата көшесінің сыртқы электр желілері құрылысына 885,1 млн. теңге, сонымен қатар Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үй кварталын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 2 млрд 675,6 млн. теңге бөлінді. «Сәулет» және «Саяхат» мөлтек аудандарындағы халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында 48 мың 270 шаршы метрді құрайтын көлшіктерді көму жұмыстарына облыстық бюджеттен 85,8 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар басталды.
   СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША: «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы арқылы 5 жоба бойынша республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 696 млн. теңгеге 4 шақырым ауыз су және 3,4 шақырым кәріз су құбырлары мен 1 дана насос станциясы құрылысы, 23 насостық станциялары қайта жаңғыртудан өтуде. Қалаға қарасты елді мекендерде ауыз су жүйелерін жүргізуге 13 жоба бойынша (8 елді мекенге) республикалық, облыстық бюджеттен 1 млрд. 383 млн. теңгеге 214 шақырым ауыз су, 6 дана су жинау қоймасының құрылысына қаржы бөлінді. Жалпы атқарылған жұмыстар нәтижесінде қала тұрғындарының 93 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жыл сайынғы, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қалаішілік су құбырларының 70 пайыздан астамы толық жаңартылды және қала халқы толығымен таза жер асты ауыз суын тұтынуда.
   ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ: Үстіміздегі жылы қала көлемінде жалпы ұзындығы 75,4 шақырымды құрайтын 176 көшеге күрделі, орташа, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатта республикалық, облыстық, қалалық бюджеттерден 1.3 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сонымен қатар, Арай-15 көшесін Әбдіреев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жолға жаяу жүргіншілер жолын салуға қалалық бюджеттен 27,7 млн. теңге бөлінді.
Қалаға қарасты елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
   Атап айтқанда, Қызылөзек, Қараөзек, Иіркөл елді мекендерінің кіре беріс жолдарының орташа жол жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 126,9 млн. теңге және Талдыарал елді мекенінің кіре беріс жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 60,1 млн. теңге (3,4 шақырым) бөлінді. Бұдан бөлек, қала орталығындағы жаңа көпірден бастап «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолына дейінгі аралықты жалғайтын және Сырдария өзенін жағалай орналасатын 2 магистралды көшенің құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. 965,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
   ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ГАЗДАНДЫРУ:
Бүгінгі күні Қызылорда қаласында 696 көпқабатты тұрғын үй жылуға қосылған, оның ішінде 148-нің ыстық суға қосылу мүмкіндігі бар. Нақты 16 көпқабатты үй жылу маусымында ыстық сумен қамтамасыз етілді. Дегенмен жылу орталығына және тұтынушыларға да экономикалық жағынан тиімсіз болуына байланысты жылу маусымы тоқтаған кезде ыстық су беру тоқтатылады. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін жаңадан жылу — электр орталығын салуға 15 млрд. теңге қаражат қажет. Негізінен бүгінгі күнге, қаладағы 60 пайыздан астам  магистральды жылу желілері қайта жаңартылған. 2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округі газдандырылса, 2016 жылы Талсуат ауылдық округі, 2017 жылы бұған дейін өзекті мәселелердің бірі болып келген Белкөл кенті көгілдір отынға қол жеткізді. Бүгінде Қарауылтөбе ауылдық округі газдандыру жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні қаламыздың газдандыру көрсеткіші 95 пайызға жетті.
   ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: 2019 жылы Қызылорда қаласын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына барлығы 1 млрд 404,5 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, 10 спорт ойын алаңы, 20 аялдама, аялдамаларға электронды ақпараттық тақтайшалар, ақылды жаяу жүргінші өткелдері қамтылған.  Биыл да бұл жұмыстар қарқынды жүргізіліп, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 22 млрд. 375.5 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артты. Облыста жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 40 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Жыл сайын қаламыздың шекарасы кеңейіп, халқының саны артуда. Осының негізінде, қаламыздың Бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Қала аумағының көлемі бұған дейін 11 мың гектарды құраса, бас жоспарға сәйкес бұл жер көлемі 20 мың 600 гектарға ұлғайтылды.
   2016 жылы Бәйтерек тұрғын ауданындағы инженерлік желілерімен толықтай қамтамасыз етілген 980 гектар аумақтан, кезекте тұрған 6 мың 600 азаматқа жер учаскесі табысталған болатын. Бүгінгі күні осы аймақтан қосымша 150 гектар жер телімдері әзірленіп, инженерлік желілерінің жобасы дайындалды.  Жоба толық аяқталған уақытта 1 мың 267 азамат тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерімен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысын салу мақсатында жер алу кезегінде 59 мың адам тіркелген.
   «Бәйтерек» тұрғын ауданында қосымша 150 гектар аумақтың инженерлік желілерінің құрылысы жүргізіп, 1 мың 267 азаматқа тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері табысталады. Сонымен қатар 670 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, жоба бойынша жер кезегіндегі 4 мың азаматқа жер телімін табыстау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған 22 мың азаматқа жер учаскелерін табыстауға мүмкіндік береді.
   БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША: Жыл сайын қала бюджетінің 60 пайызы білім саласына бағытталып келеді. 2018 жылы — 20,6 млрд. теңге қаралса, биылғы жылы бұл сома 25 млрд. теңгені құрады. 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен 1 мың 724 мектеп бітіруші түлектің ішінен 121 түлек «Алтын белгі», 101 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.
(Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында жасаған есепті баяндамасынан ықшамдалды 7.08.2019)
http://qaa.kz/2019/08/09/%82/?fbclid=IwAR1C-52bPo8TiholO7T-Ggf5W_0FB7yrMexc5KElAq_YZGJ7nv6PIwE6zXE
09 тамыз 2019 ж. 878 0