Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

     Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

   Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде кең тараған. Видео авторы оқиға Қызылорда қаласындағы орталық перзентханада болғанын мәлімдеген еді. Кадрда ер кісі перзентханаға келген кісі мен күзетшіні ажыратпақ болады. Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов пікір білдірді. 
    "Мен дәл қазір бұл жағдайға нүкте қоюды бұйырдым. Оқиғаның мән- жайын анықтайтын боламыз. Мен әділ тергеуді, және бұл оқиғадағы кінәлілер мен қылмыскерлерді қатаң түрде жазалауды талап етемін", - дейді Ержан Біртанов. 
22 тамыз күні Қызылордадағы "Ана мен бала" орталығында күзетшіге қол көтерген екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 
    Медициналық орталыққа танысымен келген 32 жастағы Байқоңыр қаласының тұрғыны күзетші мен медбикенің сөзіне құлақ асқысы келмеген. Ауруханаға кіру уақытының аяқталғанын қанша рет ескертсе де, медбике мен күзетшіге дөрекі сөйлеп, күзетшіні ұрып тастаған. 
  "Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды, сараптамалар тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

24 тамыз 2019 ж. 847 0