Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрақтылық, татулық тұғыры

Тұрақтылық, татулық тұғыры


Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының республикалық референдумда қабылданғанына биыл 24 жыл толып отыр. Халық қалауының көрінісі іспеттес Рес­публика Конституциясы осы жылдар ішінде мемлекеттің өркендеп дамуының бекем іргетасына және  ұлттық құқықтық  жүйенің түпқазығына айналды. Негізгі Заңды қатаң сақтау мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айқындап берген дұрыс бағыттың арқасында, еліміз егемен және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасып қана қоймай, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаты – әлемдегі дамыған 30 елдің легіне енуге ұмтылуда.
Ата Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады. Табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мем­ле­кет­тігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді. Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қа­тарына қосылу  жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларды нығайтудың, азаматтардың әл-ау­қа­тын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңыз­ды факторы болып саналады. Сондықтан Қазақ­станның конституциялық дамуы ахуалдың өзге­руін және қоғамның қажеттілігін ескере отырып, одан әрі жалғасуда.
Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қа­лып­тасқан адамзат баласының жалпы құн­ды­лық­тарын өз бойына сіңірді. Конститу­ция­да аза­мат­тардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Еліміздегі сан алуан идеологиялық,  ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруі қамтамасыз етілген. Конституцияда бекітілген нормалар Қа­зақстан Республикасын дамыту мақсатында елі­міздің барлық азаматтарының бірлесіп қызмет ету­лері үшін жағдай жасайды.        
Ата заң мемлекет пен қоғамда орын алып отыр­ған барлық саяси-экономикалық, әлеу­мет­тік рефор­малардың ілгері басуына, да­му­дың қай­нар бастауына айналды. Осы ара­лық­­та мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзге­ріс­тер-демо­кратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі де Конституция қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
Конституция – бұлқоғамдағы әлеуметтік теңдік пен ұлттар арасындағы татулықты орнықтырудағы, саяси-экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы және дамудың демократиялық жолына түскен Қазақстанның өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы шарттарын жасап берген жасампаз да өміршең құжат. Сондықтан әрбір азаматымыз ең алдымен тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді әлемге танытқан Ата Заңымызды ардақ тұтып қастерлеп, құрметтеуі қажет. Сонда ғана, қоғамның шынайы дүниетанымы және конституциялық мәдениеті қалыптасады.
Қуаныш Өтепбергенов,
Арал аудандық сотының бас маманы.
27 тамыз 2019 ж. 1 149 0