Қызылордада мұнайшылардың кəсіби мерекесі аталып өтті

Аймақ басшысы «Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы - Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркəсіптік аймаққа айналуының негізін қалады»,- деп атап өтті.
"Өңірімізде толықтай мұнай-газ кластері қалыптасты. Содан бергі уақытта Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды. Өкінішке қарай, соңғы 6 жылда облыста мұнай өндіру көлемі 4,3 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз", - деді Қ.Ысқақов.
Сарапшылардың айтуынша, өңірдің мұнай-газ саласының ресурстық əлеуетін одан əрі арттыруға перспективалы шөгінді бассейндер мен Арал теңізінің акваториясын кең ауқымды зерделеу ықпал ететін болады.
"Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қызылорда облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу-Сарысу, Оңтүстік - Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу де қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған", - дей келе аймақ басшысы облыстың ірі компанияларын мемлекеттік-жекеменшік əріптестік шеңберінде жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Сондай-ақ, мұнай саласының құрметті ардагері, Қазақстанның «Еңбек ері» Ұзақбай Қарабалин сала қызметкерлерін құттықтады.
Өңіріміздің мұнай-газ саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар табысталып, іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/30149-yzylordada-mnayshylardy-ksbi-merekes-atalyp-tt-foto.html"Өңірімізде толықтай мұнай-газ кластері қалыптасты. Содан бергі уақытта Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды. Өкінішке қарай, соңғы 6 жылда облыста мұнай өндіру көлемі 4,3 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз", - деді Қ.Ысқақов.