Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын 1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен құттықтады.

"Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін" - деп жазды мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін - 1 қыркүйек еліміз бойынша Білім күні аталып өтіп жатыр. 
Білім күні қарсаңында Нұр-Сұлтан Қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы жаңа мектептің ашылу салатанаты өтті. Оған ҚР Премьер-министрі Асқар мамин 
қатысты.
https://baq.kz/news/othernews/toqaev-bilim-kuni/
01 қыркүйек 2019 ж. 1 039 0