Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алғашқы спорттық радио ашылады

Қазақстанда алғашқы спорттық радио ашылады

  Елімізде тұңғыш рет спорттық радио ашылатын болды. Қазір ол интернетте мәтіндік жүйе арқылы жұмыс істеуде. Бұл туралы республикалық «Караван» газеті хабарлады.
Қазір әлемде көптеген спорттық радиолар жұмыс істейді және олардың көбі танымал. Ал Қазақстанда мұндай практика ешқашан қолға алынбаған.
 Радиода көптеген ақпараттар, сұхбаттар, спорт туралы пікірлер қамтылады. Барлық мүмкіндіктерді молынан пайдаланамыз – тыңдармандар тілегін орындау, олармен кері байланыс орнату іске асырылады. Қазір тек интернеттеміз. Бірақ алдағы уақытта жиілік алып, радио боп таралуды ойластырып жатырмыз. Біздің радио классикалық бағытта – FM жиілігінде таралады» дейді жоба авторы Илья Пустогачев.    Маманның айтуынша, таңғы эфир барынша көңілді әрі жеңіл ұйымдастырылмақ. Ал барлық сараптамалар кешкі бағдарламаға қалдырылған. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында екі студия жұмыс істейді.               «Радио «Радио Спорт» деген атау алды. Қазір логотип таңдау аяқталуға жақын. Ұранымыз да дайын. Бірақ оны әр сәт сайын өзгертеміз. Тиісті мамандарды шақырып, ұжым келбетін де қалыптастырдық» дейді медиа менеджер.
Оның сөзінше, елімізде ашылатын тұңғыш спорт бағытындағы радиода Ержан Мұқаш, Данияр Кәрімжан, Ерзат Серғазин, Асхат Жақаев, Ермұхамед Мәулен, сияқты кәсіби спорт журналистері жұмыс істейді.
https://aikyn.kz/sport/swinging/7548-qazaqstanda-alghashqy-sporttyq-radio-ashylady/



05 қыркүйек 2019 ж. 667 0