Қызылордада "Ашық аспан астындағы" КТА фестивалі өтті
"Ашық аспан астындағы" Көңілді тапқырлар алаңының республикалық фестивалі Елбасының Жарлығымен жарияланған "Жастар жылы" аясында және "Қала күні" мерекесінің ашылу салтанаты ретінде ұйымдастырылды. Фестивальде республиканың ең үздік 11 командасы: "24 сағат", "ҚазИИТУ" Орал қаласы, Қарағанды облысы "Қарағанды құрамасы", Жамбыл облысы "Шу-чу", "Тараз-2000", "Арыс" Түркістан облысы, "Ауылдар құрамасы" Алматы қаласы, "Арал-АС" Арал ауданы, "Қармақшы құрамасы" Қармақшы ауданы, "Қорқыт Жастары" Қызылорда қаласы, "Қорқыт" құрамасы өнер көрсетіп, әзілдерімен қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қазылар алқасының құрамына Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Нұржан Керменбаев, белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров және қалалық мәслихат депутаты Жасұлан Жарасбаев ойынға төрелік етті.


Фестивальдің "Үздік ойыншысы" атағын Қарағанды құрамасының мүшесі Заңғар Аманғалиұлы иемденіп, командалардың барлығы Қала әкімі Н. Нәлібаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды.

15 мыңға жуық халық жиналған осындай ірі шараны ұйымдастырғаны үшін қала әкіміне Тұрсынбек Қабатов арнайы алғысын білдірді.