Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» арқылы 21 жоба жүзеге асырыла бастады

Оның ішінде білім, денсаулық және мәдени нысандарды күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Ал келесі жылы аталған жоба аясында 4 елді мекеннің тұрмысын жақсартуға бағытталған 57 жоба жүзеге асырылмақ. Соның бірі Шиелі ауданындағы Ақмая ауылы. Мұндағы осыдан 36 жыл бұрын салынған мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Оқу ошағының есік-терезесі тозып, спорт залының қабырғасына сызат түскен. Ауыз су құбырлары да істен шығыпты.
«Оқу-тәрбие жұмысына ешқандай күрделі жөндеу жұмысына байланысты кедергі келіп тұрған жоқ. Бірақ дегенмен енді жөндеу жұмыстарының бағыты, сылақтары түскен, едені тозған, есік-терезелері бұрынғы ағаш күйінде сақталған, әйнектері шытынаған», - дейді мектеп директоры Марал Ахметов.
«Енді әлеуметтік салаға 6 жобаға 442 млн теңге, көшені жарықтандыруға 5 жобаға 98 млн теңге, көлік инфрақұрылымына 45 жобаға 957 млн теңге, денсаулық сақтау бойынша 1 жобаға 114 млн теңгені біз құжаттарын әзірлеп, министрлікке тапсырғалы жатырмыз», - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Нұрасылова.