Жанболаттың анасы Жазираның қандай келін екендігі туралы шындықты айтты

–Жазира 19 жасында біздің шаңыраққа келін болып түсті. Өзі де көпбалалы отбасында өмірге келген. Содан да болар, үйдің барлық тірлігін ұршықша үйіріп әкетті. Өзінің мінезі ақкөңіл, аңқылдақ, ашық жарқын. Қолымда екі жылдай тұрды да, Қазыбек туылған соң бірге Алматыға кетті. Қазір де үйге келсе мен әншімін, жұлдызбын деп отырмайды. Келін болып абысындармен бірге қазан-ошақтың жанынан шықпайды. Алматыға қыдырып барсам да, шай-тамағын әзірлеп, жағдайымды жасап жүреді. Кезінде қатал ене болсам болған да шығармын. Әрине жас келіннің білмейтін жері де көп болады. Сондайда айтамыз ғой «анауың дұрыс, мынауың бұрыс» деп сонымды қаталдық деп қабылдаған болар, – деп жауап берді Қалампыр апа.
Сондай-ақ, Қалампыр апа Жазираның өзіне деген сыйластырғына дән риза екендігін жеткізді. Апамыздың айтуынша Жазира енесінің алдында орамалсыз жүрмейді екен. Және әлі күнге таңертең иіліп сәлем салатын көрінеді.Қалампыр апаның Жазирадан өзге 7 келіні бар. Келіндерінің бәрі де енесіне осындай құрмет көрсетеді.
