Қызылорда облысының әкімі ұстаздарды марапаттады (ФОТО)

Шарада облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов бірқатар ұстаздарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет Грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» сондай- ақ, Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Ал «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының жеңімпаз оқушыларының жетекшілеріне қаржылай сертификат берілді.
Қай заманда болсын ұстаздарға құрмет өте жоғары болған. Ұлы мамандық иелеріне бүгін немесе кеше ғана құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаз мәртебесі биік бағаланып келеді. Білім саласындағы жаңа реформалар – жаңартылған білім мазмұны, бес күндік оқу аптасына көшу, пәнді ағылшын тілінде өту ұстаздардан өз білімдерін үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етеді. «Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс»- деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында да білім саласына, оның ішінде мұғалімдердің хал-ахуалына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атады. Әсіресе, ауыл мен қала мектептерінің алшақтығын болдырмау бағытында нақты тапсырмалар берді. Осы орайда, өңірдегі мектептердің ғана емес, ауыл мен қала мұғалімдерінің де бір-бірінен айырмашылығы болмауы үшін түрлі шаралар жолға қойылған. Мәселен аймақтағы барлық мектептерді 100 пайыз кең жолақты интернетке қосылған. Қазір мектептерде робототехника, жаңартылған пәндік кабинеттер де ашылып, жұмыс істеуде. Сондай- ақ, үш ауысымдық мектептер мәселесі де шешілген, апаттық мектептер қатары жойылып және 3-6 жас арасындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100% қамтылып отыр.

Айта кетейік, облыс мектептерінің 60 пайызы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілсе компьютерлер 100 пайызға жаңартылды. Айта кетейік соңғы жылдары бюджет қаражатының ең көп бөлігі әлеуметтік салаға, соның ішінде білім саласына бөлінуде.
Сондай ақ Сыр елі - жергілікті әкімдік пен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты келісім бойынша түлектерін Мәскеу және Санкт-Петербургтің белді оқу орындарында оқытып отырған бірден-бір аймақ. Бүгінде бұл мүмкіндікті пайдаланған студенттер саны 500-ге жетті. Олардың алғашқы түлектері елге келіп, еңбек етуде.