Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі жайлы айтты
Белгілі қоғам белсендісі, экономист Мұхар Тайжан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз ұсыныстарын жеткізді. Ол соғыс ардагерлері, Арыс қаласы, жер мәселесі жөнінде айтқан, деп хабарлайды stan.kz
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу асықпай я ашық өтті. Бір 35 минуттай үшеуіміз еркін отырдық - президент, оның кеңесшісі Ерлан Карин және мен. Президент адамды өте мұқият тыңдайды екен, сөзді бөлмейді. Мен ұсыныстарымды толық жеткіздім.
1. Тәжік-Ауған шеқарасында 1992-2001 соғысқан ардагерлерімізге ресми статус беру туралы. Ресейде, Тәжікстанның өзінде де дәл бұндай сарбаздарда статус бар, ал біз өз ардагерлерімізге ресми статусты неге бермей отырмыз? Бұл өзіміздің тәуелсіз еліміздің ардагерлері ғой! Мұрат Мұхамеджанов.
2. Арыс қаланың мәселесі. Көп жұмыс атқарылды, мойындаймын. Бірақ кей тұрғындар әлі де мәз емес. Құрылыс компаниялар сносқа кететін үйлерді ремонттаймыз деп жатыр. Бұл жерде кінә - толығымен мемлекеттің жағында ғой, сондықтан жергілікті халықты толығымен қанағаттандыру керекпіз. Сәуле Әбілдаханқызы Айгүл Орынбек", - деді Мұхтар Тайжан өз Facebook-парақшасында.
Бұдан басқа Таразда 15 мыңдай адам үйі әлі заңдастырылмағанын айтып, ны қолға алуды сұрапты. Сонымен қатар Атырау облысының экология мәселесін көтеріпті. Ары қарай жер мәселесін де қозғаған.
"Жер мәселесін түбегейлі қалай шешуге болады өзімнің баршаңызға белгілі ұстанымды жеткіздім. Мораторийдің аяқталуына екі-ақ жыл қалып отыр. Жердің жеке меншік институттың орнына жал институтын орнату керек - тек қана ҚР азаматтарына, және 100% ҚР заңды тұлғалар ұшін. Латифундизмге қарсы космомониторингті енгізу керек екенін айттым. Ол үшін АШМ тиісті бұйрығын жылдам шығару керек", - деп жазды ол.
Қоғам белсендісі жазбасында президенттің өзін мұқият тыңдағанын айтып, Ерлан Қариннің жақсы жұмыс істеп жатқанын де жеткізе кеткен.