Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық өнерпаз үздіктер қатарында

Аралдық өнерпаз үздіктер қатарында


       Қызылорда қаласында 21-22 қазан күндері облыс әкімдігінің қолдауымен және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ІХ «Жүрек жылуы» өнер фестивалі өтті. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға ауданнан Қайрат Алмағанбетов қатысып, арнайы номинация бойынша жеңімпаз атанды. Оған облыс әкімінің 500 мың теңге сертификаты табысталды.
     
        Бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың жүрегіне жылу ұялатып, өмірге деген құштарлығын оятып келеді. Осы жарыс арқылы қуат алып, қаншама дос тауып, қоғамға бейімделе түседі. Сондықтан өмірге деген құштарлығын өнермен дәлелдеген бүлдіршіндер үшін бұл байқаудың маңызы зор.
      Фестивальге облыс бойынша 150-ге жуық өнерпаз қатысып, олар 6 жанр бойынша сайысқа түсті. Осылайша әр жанр бойынша үздік атанған 10 өнерпаз қорытынды гала концертке жолдама алды. Осы озық шыққандардың қатарында аралдық Қайрат Алмағанбетов те болды. Өнер додасы оған ерекше шабыт беріп, тамаша көңіл-күй сыйлады.
      Сонымен бірге осындай шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Арал аудандық мәдениет үйі «Ақ желкен» жылжымалы кешеннің ұйымдастырушысы М.Каленова облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы С.Мандиповтың Алғыс хатымен марапатталды.
«Толқын» газеті 
25 қазан 2019 ж. 1 342 0