Еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

Синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында да көктайғақ болып, боран соғады.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда мен Жамбыл облыстарында жел соғып, тұман түседі.