Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 28 қарашаға арналған ауа райы

28 қарашаға арналған ауа райы

Бейсенбіде еліміздің басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады baq.kz

Республиканың тек солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде аздаған қар жауады. Батыста – жел күшейеді. Жекелеген аумақта тұман болжанады.
Манғыстау облысының кей жерінде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
28 қараша 2019 ж. 458 0