Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 23 желтоқсанға арналған ауа райы

23 желтоқсанға арналған ауа райы

    baq.kz  Дүйсенбіде елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түсіп солтүстік өңірлерде боран соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

23 желтоқсанда Атлант мұхитынан келген циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты кей жерде қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста құрғақ ауа массалары жететіндіктен жауын-шашын тоқтайды. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, жел күшейеді.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, күндіз Солтүстік Қазақстан, тәүлік бойынша Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде шанды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қызылорда, Актөбе облыстарында тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.
23 желтоқсан 2019 ж. 603 0