«БЖЗҚ» АҚ озық электрондық сервисінің арқасында өз салымшыларына 7 миллионнан аса қызмет көрсетті

Естеріңізге сала кетейік, Жеке кабинетте тек үзінді көшірмені ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау және (немесе) көшу туралы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.
Бұған қоса бір жыл бұрын БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілген болатын. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне ЖЗШ ашу туралы өтінішті ресімдеу мақсатында жүгінудің қажеті жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ЖЗШ болмаса, онда ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы төрт айында 1 миллионнан астам ЖЗШ ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 12 есе артық.
Төтенше жағдай режимінің тоқтатылғанына қарамастан, Қазақстан қалаларында карантин режимінің сақталатынын атап өту керек. Осыған орай, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, БЖЗҚ бірқатар шектеу шараларын қалдырғанын және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері кеңседе жұмыс істеу үшін филиал бөлімшелеріндегі штат санының 50% аспайтын мамандарын тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.
Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);
– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);
- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.
«БЖЗҚ» АҚ-ның байланыс орталығы
БЖЗҚ2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақыжинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).