Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Арал аудандық прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында мобильдік топ құрылды.
Топқа аудандық прокуратураның қызметкері, аудан әкімдігінің жауапты тұлғалары, «Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мен төтенше жағдайлар бөлімінің және "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлік палатасының басшылары қосылған.
Мобильді топтың негізгі міндеттері - кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заңсыз тексерулерді болдырмау, бизнесті қолдау, ұзақ мерзімнен шешімін таппай жүрген мәселелердің заң тұрғысынан шешілуіне ықпал жасау және кәсіпкерлерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Сенім телефондары: аудандық прокуратура 2-19-94, 8(702) 549-27-77
Кәсіпкерлік палатасы 7-91-99
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
17 маусым 2020 ж. 767 0