Арал ауданы тұрғындарының назарына!

Осыған орай, «Telegram-bot» мессенджерінде «Aral2021_esep» атауымен орталықтандырылған платформа іске қосылғандығын хабардар етеміз.
Арнайы ашылған «Telegram-bot» мессенджерінде кез келген тұрғын үшін толғандырып жүрген мәселесін тікелей жолдап, түйткілді сауалына жауап алу мүмкіндігі қарастырылған.
«Telegram-bot» желісіне сауал жолдау төмендегі 3 қадамды орындау арқылы жүзеге асырылады:
Ұялы телефонға «Telegram» мессенджерін жүктеу;
«Telegram»-ға кіріп, «Aral2021_esep» каналын іздеп табу;
Чаттан «бастау» тетігін басу және өтінішті қалыптастыру үшін қажетті сауалды жолдау.
Осы қадамдардан кейін, өтініш ақпараттық жүйеге келіп түседі.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі