Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Арал ауданы тұрғындарының назарына!

Арал ауданы тұрғындарының назарына!

Құрметті аудан тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 7 маусымы күні Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының Қосаман елді мекенінде орналасқан бас су тоғанындағы ІІ-көтеру насос станциясының шыға берісіндегі құбырында авариялық жағдай орын алды.

Орын алған ақауды шұғыл ретке келтіру бағытында арнайы авариялық бригада жұмылдырылып, қазіргі таңда тиісті жөндеу жұмыстар жалғасуда. Осы орайда ауыз суды 8-9 маусым күндері қала, кент, ауылдық округтерде кестемен беруге көшірілетіндігін хабарлаймыз.

Апатты жағдайға байланысты туындаған келеңсіздіктерге түсіністікпен қарап, сабыр сақтауға шақырамыз!

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

08 маусым 2021 ж. 792 0