Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Құрметті аудан тұрғындары! 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында біздің облысымыз қызыл аймаққа енді.

Өздеріңіз бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғандарыңыздай елдегі ахуал күрделі. Қазіргі таңда біздің бірінші қаруымыз — коронавирусқа қарсы вакцина салдыру, екіншісі — санитарлық нормаларды сақтау.

Осы орайда бүгін аудандық аурухананың арнайы жедел-жәрдем көлігімен Арал қаласындағы "Қанағат" коммуналдық базарының алдында "СПУТНИК-V" вакцинасының І-ші компонентін егу жұмыстары жүргізілді.

Вакциналау шарасы түстен кейінгі мезгілде де жалғасатындығын хабарлаймыз.

Өзіңіздің, жақындарыңыз бен қоршаған ортаңыздың амандығы бірінші кезекте әр адамның жеке бас жауапкершілігіне тірелетінін естен шығармайық. Пандемия жағдайынан шығып, қалыпты өмір салтына көшу үшін әрбіріңізді індетке қарсы вакцина қабылдауға шақырамыз! Біз біргеміз!




Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

16 шілде 2021 ж. 1 083 0