«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының тұтынушылары назарына!

Газ есептегіш құралдарыңызды мерзім аралық тексеруден уақытылы өткізбеген жағдайда (шыққан жылы және келесі тексеру уақыты газ есептегіш құралының паспортында немесе шыққан жылы газ есептегіш құралының бетінде көрсетіледі – фотода көрсетілген) тұтынылған газ көлемі үшін есептеу құрылғының көрсеткіші бойынша емес, бекітілген тұтыну нормалары бойынша есептеме жүргізілетіндігін және тұтынылған газ көлемінің шығындары ұлғаятынын ескертеміз. Сол себептен тұтынушыларымыздан газ есептегіш құралдарын уақытылы тексеруден өткізуіңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, газ есептегіш құралдарыңызды тексеруден өткізбей, жаңа газ есептегіш құралдарына ауыстыруыңызға құқылы екендігіңізді ескертеді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әкімшілігі