Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар 21 наурыз күні орталық алаңда өткізілмек.
Наурыз мейрамын ұйымдастырудың идеялық мазмұны алдымен салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды жаңғыртып, насихаттау болып табылады.

Ә. Қаюпов көшесінің бойындағы «Эврика» сауда үйінің алдында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Орталық алаңда «Жауқазын жер, Жаңа күн – Ұлы Наурыз» атты мерекелік қойылым көпшіліктің назарына ұсынылады. Театрландырылған көріністерде қазақы салт-дәстүрлер дәріптеліп, Қыдыр атаның бата беру көріністерімен жалғасады.

Мереке күні этноауыл жобасы мен «Наурыз тарту» атты қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі қойылады.
Мұнымен бірге ұлттық тағамдар конкурсы ұйымдастырылып, қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, қол күресі және гір тасын көтеру сынды ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізіледі.

Барлық аудан тұрғындарын ұлттық дәстүрлеріміз дәріптелетін шараларды тамашалап, алаңда арнайы тігілген шатырлар мен ағаш үйлерден наурыз көже тағамынан дәм татуға шақырамыз!

"Толқын" ақпарат

20 наурыз 2022 ж. 3 752 0