Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Құрметті газ тұтынушылары!

Қазіргі таңда жеке тұлғалардың "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалының алдында пайдаланылған газға қарызы көбейіп кеткендіктен, Филиал қызметкерлері, қарызды жинау мақсатында, қарызы бар тұтынушыларды газдан ажыратуға мәжбүр болып отыр. Газ тұтынушы түбіртек парағына сәйкес әр айдың 25-не дейін пайдаланылған газға төлем жасауға міндетті екенін тағы да ескертеміз. Қайта қосылу үшін газ берешегін толық өтеп, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйесіне ажырату және қайта қосылу қызметін төлеу қажет болады. Қосымша шығындарды болдырмау үшін сізден тұтынылған газ үшін берешекті жедел тәртіпте өтеуді сұраймыз.

Тұтынылған газдың төлемін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда ӨФ барлық газ учаскелерінің кассаларында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерінің қосымшалары арқылы Қазақстан Халық Банкі, Kaspi Банк, ForteBank төлеуге болады.

Сонымен қатар, газбен жабдықтау жүйесіне қайта қосылу қызметінің төлемі Арал қаласы Жылкаман Батыр көшесі №1А орналасқан "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ҚӨФ Арал газ шаруашылығы кеңсесінде және Kaspi Банктің қосымшасы арқылы жүргізіледі.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ҚӨФ Арал газ шаруашылығы мекемесі



29 сәуір 2022 ж. 3 103 0