Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Газ берешегін төлемеген тұрғындар назарына!

Газ берешегін төлемеген тұрғындар назарына!

Қызылорда қаласы мен облыста газ үшін қарызы бар абоненттерді газбен жабдықтау жүйесінен жаппай ажырату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосылу үшін газ берешегін толық өтеп, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйесіне қайта қосылу қызметін төлеу қажет болады. Ажыратуды және қосымша шығындарды болдырмау үшін сізден тұтынылған газ үшін берешекті жедел тәртіпте өтеуді сұраймыз.
Тұтынылған газдың төлемін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ҚӨФ барлық газ учаскелерінің кассаларында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерінің кассаларында Қазақстан Халық Банкі, Kaspi Банк, ForteBank, Банк Центр Кредит, АТФ Банк және т.б. төлеуге болады.
Сонымен қатар, газбен жабдықтау жүйесіне қайта қосылу қызметінің төлемі Сұлтан Бейбарыс көшесі №1 "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ҚӨФ кеңсесінің, Қазақстан Халық Банкінің кассаларында және де Kaspi Банкінің қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


14 шілде 2021 ж. 803 0