Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Үздік жоба» бизнес идеялар байқауына қабылдау басталды

«Үздік жоба» бизнес идеялар байқауына қабылдау басталды

Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі «Үздік жоба» бизнес-идеялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығы жөнінде хабарлайды.
Байқауға Қызылорда облысының және ауданның тұрғындары (18 ден 45 жас қоса алғанда) қатыса алады.
«Үздік жоба» бизнес-идеялар байқауын өткізудің негізгі идеясы, инновациялық қызметпен және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы, неғұрлым талантты және әлеуметтік жауапты жастарды анықтау және қолдау, олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Байқаудың аяқаталу нәтижесімен үш үздік үміткерлер келесідей гранттармен марапатталады:
1 орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
2 орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге;
3 орын – 100 000 (жүз мың) теңге.
Байқауға қатысу үшін 2022 жылдың 26 қыркүйектен бастап – 5 қазан аралығында Aralkob@mail.kz электрондық мекен-жайына толтырылған қатысушы өтінімін жолдау қажет.
Байқаудың өткізілу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.
Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: 8 (72433) 2-13-11.
26 қыркүйек 2022 ж. 1 231 0