2022 жылдың 24-25 қараша күндері Арал ауданында "Қыс - 2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілетінін хабарлаймыз. Оқу-жаттығуының негізгі мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою. Сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерін жетілдіру, қысқы кезеңдегі ТЖ жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесімен халықтың әзірлік деңгейі мен қабілетін арттыру.
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі