Қыс - 2021: Дайындық өз деңгейінде

Аудан әкімі алдымен инженерлік қызметтің әлеуетін бақылады, техникаларымен танысып, қысқа дайындығын бағамдады. Қыс мезгілінде көрсетілетін қызметтерге дайын құрылымдар қатарында бұдан бөлек сауда және тамақтандыру қызметі, жанар-жағармай, жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі, энергетика мен жедел жәрдем, радиоциялық-химиялық қорғаныс қызметі, құлақтандыру және байланыс, су қызметі, КазТрансГаз және полиция қызметі мен төтенше жағдай және өрт сөндіру қызметтері бар. Бұл құрылымдардың барлығы аудан әкіміне қысқа дайын екендіктерін баяндады.

«Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңында аудан әкімі барлық құрылымдардың өкілдерін қай уақытта болмасын көмекке дайын болуға шақырды. Әсіресе қыс мезгілінде бізді не күтіп тұрғанын бағамдау қиын екендігін айтып, азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдардың жұмысына сәттілік тіледі.
«Толқын» ақпарат.