Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Құрметті аудан тұрғындары!
Аманөткел ауылдық округі, Хан елдімекені тұсындағы қалқымалы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары биылға жоспарланған болатын. Осы орайда, аудан әкімдігінің тапсырмасына сәйкес мердігер мекемеге аталған өткел арқылы көлік қатынасы мүмкін болмауына байланысты ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап жаңадан көпір салу жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Бүгінгі таңда, жаңадан көпір салу үшін көне өткелді бұзып, ескі қайықтарды ауыстыру жұмыстары басталды.
Қалқымалы көпір 1988 жылы салынған. Көпірді қайта жаңғыртуға 2022 жылы 105,3 млн. теңге, 2023 жылы 207,0 млн. теңге бөлінді. Жуық арада жаңа көпір орналастырылып, көлік қатынасы ретке келтірілетін болады.
Сондай-ақ, көлік қатынасы «Аманөткел-Қаратерең» бағытындағы автожол және Қызылжар елдімекені тұсындағы қалқымалы көпірдегі қайық қатынасы арқылы аудан орталығынан үздіксіз қатынауда.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз..
29 мамыр 2023 ж. 831 0