«Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді
2025 жылы 31 қазан Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді!Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
Акция: 2025 жылы 31 қазан күні Аққұм ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінде сағат 11.00-де және Арал қаласында орналасқан жаңа “Руханият орталығы” ғимаратында сағат 17.00-де басталады.










