"Халық" заңгері республикалық акциясы өтті

Аталған науқан Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Арал қаласындағы аудандық оқушылар үйі ғимаратында ұйымдастырылды.
Акцияға аудан прокуроры, аудандық әділет, аудандық кірістер басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, адвокаттар алқасының мүшелері, аудандық полиция, салық, денсаулық, білім бөлімдері мен аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдердің өкілдері қатысып, аудан тұрғындарына қойған сауалдары бойынша тегін құқықтық кеңес берді. Аудандағы шалғай елді мекен тұрғындары онлайн түрде қатысты.
Аталған науқан шеңберінде барлығы 20-дан аса азаматтар білікті заңгерлер мен тәжірибелі мамандардан және заң консультанттарынан тегін құқықтық көмек алды.

