Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар құқықтық кеңес алды

Тұрғындар құқықтық кеңес алды

Қызылордада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат өңіріміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алуға қол жеткізді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқыққорғау органдары, орталық мемлекеттік органдардың облыстық департаменттерінің басшылары, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 40-тан астам кеңесші маман қатысты. Олар 70-ке жуық облыс тұрғынына туындаған мәселелері бойынша тиісті кеңестер берді.

Акцияға келген облыс тұрғындарының көпшілігі денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер және прокуратура органдарының мамандарының көмегіне жүгінді.

tirshilik-tynysy.kz
29 мамыр 2023 ж. 291 0