Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 8 шілде күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік, орталық және шығыс өңірлердің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын айтты.

Жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 
Республиканың оңтүстік және батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады. 
Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел  15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз найзағай жарқылдайды. 
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрып, түнде кей жерлерде найзағай жарқылдайды. 
Қостанай облысында түнде кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз жел 15-20 м/с дейін жетеді. 
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, 5-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады. 
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде өрт шығу қаупі жоғары.
https://baq.kz
08 шілде 2019 ж. 910 0