Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Тұман, дауыл, бұршақ": Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

"Тұман, дауыл, бұршақ": Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

  Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2 қыркүйек күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және тәңертең жекелеген аумақтарды тұман басады. 
Солтүстік-батыстан 18 м/с екпінде жел соғады. 2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. 
Батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. 2 қыркүйек күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ болжанады. 
Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 1-3 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында үсік жүретінін хабарлаған болатын.
https://stan.kz/tyman-dauil-byrshak-elimizdin-ush-onirinde-eskertu-zhariyalandi-321391/
01 қыркүйек 2019 ж. 605 0