Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылорда мен Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Қызылорда мен Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

 Екі аймақта да желдің күші 15-20 м/с жетеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

"Түркістан облысында 13 қыркүйектен 21 сағаттан 14 қыркүйекке дейін. Осы күні Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістанда 14 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %", - делінген таратылған ақпаратта.
Қызылорда облысында 14 қыркүйек 04 сағаттан 14 қыркүйек 20 сағатқа дейін және осы күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
https://baq.kz/news/othernews/yzylorda-men-t-rkistan-/
14 қыркүйек 2019 ж. 594 0