Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақстанның кей өңірінде үсік жүреді - Ескерту жарияланды

Қазақстанның кей өңірінде үсік жүреді - Ескерту жарияланды

"Нұр-Сұлтан" мен Қазақстанның бірқатар облыстарында қатты жел тұрып, күн күркіреп, ылғалды қар түсуінің салдарынан ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
22 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр болатын оңтүстік-шығыстан батысқа қарай жел соғады. Күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады. Дауылдың ықтималдығы - 85-90 пайыз. Осы күні Маңғыстау облысында күн күркіреп, солтүстік-батыс, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда 22 қыркүйекте күн күркіреп, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метр болады.
22 қыркүйек күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, кей жерлерде секундына 25 метр жел соғады. Дауыл ықтималдығы 95-100 пайыз.
23 қыркүйек күні Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 23-28. Түнде 24 қыркүйекте кей жерлерде жауын-шашын: жауын-шашын, қар жауады, ауа температурасы 1-3 градус үсік жүреді.
23-24 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыс, батыстан секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 болатын жел соғады, екпіні секундына 30 метрге жетеді. Түнде 23 қыркүйекте кей жерлерде жауын-шашын болады: жаңбыр, қар жауады, күн суытады, ауа температурасы 1-3 градус.
23-24 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр болатын, кей жерлерде 23-28 метр жел соғады, екпіні 30 метр және одан да көп. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstannyin-key-onrnde-usk-jured-eskertu-jariyalandyi-301247/
22 қыркүйек 2019 ж. 666 0