Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Сонымен, 4 қазанда еліміздің Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Өскемен және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа шаһарларында метеожағдай ойдағыдай болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

https://baq.kz/news/othernews/elimizdi-4-alasynda-aua-sapasy-nasharlaydy/
 

04 қазан 2019 ж. 592 0