Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 8 қазанға арналған ауа райы болжамы

8 қазанға арналған ауа райы болжамы

 8 қазан күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

8 қазан күні республиканың тек батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерде республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 
Батыс Қазақстан, түнде Атырау, таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі. 
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. 
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

https://baq.kz/news/othernews/8-azan-a-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/ 

08 қазан 2019 ж. 547 0