Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіде Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Кей жерде  жауын-шашын (жаңбыр,сулы қар), оңтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерде қатты жауын-шашын, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде республика бойынша найзағай, тұман күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді, шығыста кей жерде – көктайғақ болады деп күтілуде.
Түркістан облысының кей жерінде - тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі,  Алматы облысының кей жерінде найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде – тұман. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарның кей жерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/30-yrk-yekke-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/
30 қыркүйек 2019 ж. 663 0