Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 14 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағаймен, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі. "Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 25 метр күшейеді, кей жерлерде тұман күтіледі.
Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, түнде және таңертең - тұман. Жамбыл облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде-дауыл. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел секундына 17-22 метр күшейеді. Алматы, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарында тұман бақыланады. Қостанай, Ақтөбе, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман бақыланады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі", - делінген хабарламада.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 қазан 2019 ж. 657 0