Бұлбұлдың құрғыры

Қызылқұрттың жер дауымен бір күні жақсы көретін шәкіртінің бірі Көкбаланы алып, Папастың ауылына келеді, Папас би күйшіні жақсы қарсы алады. Құрманғазының келген жұмысын бітіріп, қызылқұрттың пайдасына мәселені шешіп береді. Әуелі Папас бір күй тартады. Күй Құрманғазыға қатты ұнайды. «Мынау не деген күй еді, тым сайрап тұр екен?» дейді Құрманғазы. Папас күйдің атының «Бұлбұл» екенін айтады. Құрманғазы сол арада бір күй тартады. Енді күйдің атының не екенін Папас сұрайды. Құрманғазы: «Бұл менің бұлбұлым еді» дейді. Сонда Папас тұрып: «Жоқ, аға, мынау бұлбұл емес, бұлбұлдың құрғыры ғой», — дейді. Содан келіп бұл күй «Бұлбұлдың құрғыры» атанып кетеді.