«Өліммен тұспа-тұс келдім»: Сәкен Майғазиев бір өлімнен аман қалды

Қадір түнін сол жерде қарсы алайық деген ниет болды. Сонда мұсылмандар мен мұсылман еместердің арасында болған қақтығысты көзіммен көрдім. Біз кіре алмай тұрмыз. Олар 50-ге дейінгі ер-азаматтарды кіргізбейді, яғни жастарды.
Содан Амангелді қажы араб азаматтарға қоңырау шалып, Ясин сүресі мен Фатиха сүресін оқып кіруге тырыстық. Жаңағы жастар бағынбай, көтеріліп кетті. Содан Израиль әскері автоматтарымен келді.
Төбемде тұрып шүріппені басып жіберуге сәл қалды. Сол жерде шүріппені басып жібергенде, кетіп қалар едім. Кәлимамды айтып, отбасым көз алдыма келді. Жаңағы араб азаматтары артқы есікпен кіргізіп жіберді. Соғысты көрдім демеймін, өліммен тұспа-тұс келдім», — деді әнші Майғазиев.
Сонымен қатар Сәкен Майғазиев басқа да мәселелер туралы айтып, журналистпен жақсы сұқбат құрды.
newsroom.kz