Бірлестік мүшелері марапат биігінде

Шығармашыл жастар мен жанына өнерді серік еткен жандардың ордасына айналған қоғамдық бірлестік ауданның әдеби-мәдени шараларының жоғарғы деңгейде өтуіне, бірлестік құрамындағы өнерпаздардың шыңдалуына ғана жағдай жасап қоймай, оларды елге таныту бағытында жүйелі жұмыстармен көзге түсіп келеді.
2016 жылы құрылған З.Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестігі бүгінде талай дарынның қанатын қатайтып, өнер көгінде өзіндік орнын айшықтауға мүмкіндік тудырды.
Қазіргі таңда бірлестік мүшелері арасында үздіктерді анықтау және марапаттау рәсімі дәстүрге айналған. Соған байланысты өткен аптада бірқатар шығармашылық мүшелері жыл үздігі марапатына ие болды. Атап айтар болсақ, «Үздік күйші» – Ақмарал Төлекенова, «Үздік сазгер» – Октябрь Ізбанов, «Үздік жыршы-термеші» – Гүлжамал Бейісова, «Үздік ақын» – Алтынбек Қыстаубаев, «Үздік ұжым» – аудандық мәдениет үйі болып табылды.
«Толқын» ақпарат