Сурет – саф өнердің салмақтысы

Өзін осындай жолда шыңдап, бойындағы табиғи дарынын оқушыларға дарытуда аянбай еңбек етіп келе жатқан қаладағы №71 орта мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Нұржан Балов та бүгінде шығармашылықтың осы бір түрін ерекше бағалайды. Шұғылданып қана қоймай, оқушыларына үйретуде көптеген дәрістер өткізіп, пленар-сабақтар ұйымдастыруда.
Жақында аудандық білім бөлімінің іс шара жоспарына сәйкес белгілі суретші Н.Балов Арал балықшылар мұражайында «Табиғат бояулары» тақырыбында пленар-сабақ өткізді. Аталған білім ұясының 1-4 сынып оқушыларымен және Арал аудандық Оқушылар үйінің оқушылары сабақ барысында түрлі жанрда табиғат аясында сурет салып, экскурсия жасады. Сонымен қатар, балалар қылқалам шеберінің көрме ретінде қойған туған өлкенің табиғатын, Арал теңізінің көз тартар керемет көріністерін насихаттауға бағытталған туындыларын тамашалады.

Айткүл АЙСАУЫТОВА,
№71 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары