Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Саят Медеуов жансақтау бөліміне түсті

Саят Медеуов жансақтау бөліміне түсті

Әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай суыт хабарды әншінің әріптестері әлеуметтік желіде жазып жатыр. Ақбота Керімбекова да оқырманынан Саят Медеуов үшін дұға етуді сұрапты.

Cаят ұлдарыңыз жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанып, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз. Алладан амандығын тілеп қойыңызшы, ағайын!
Ақбота Керімбекова
Композитор Рүстем Арсланов та Саят Медеуовтың денсаулығына тілектес болып, «Ағамыз аман-есен сауығып кетсін» деп жазды.

Әзірше жол апаты қайда және қашан болғаны белгісіз.

Айта кетейік, Саят Медеуов 4 наурыз күні болатын «Жан ана» концертіне қатысатын еді. Бұл туралы әншінің өзі де хабарлап, тыңдарманды Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында болатын кешке шақырған еді. Сонымен қатар ақпан айында әншінің орындауында жаңа «Қара күз» деп аталатын әні жарыққа шықты.
28 ақпан 2022 ж. 2 671 0