Алаяқтарға алданып қалмаңыз: Ауыр дертке шалдыққан әнші Дәулетке қатысты толық ақпарат жарияланды
Қазақстандық әншілер көмекке мұқтаж Дәулетке қол үшін созам деушілер үшін толық ақпарат жариялап жатыр. Бұл ақпараттар әншінің ағасынан алынған.Айта кетейік, әнші Дәулет Болотавтың дертке шалдыққанын хабарлаған едік. “Жұлдыздар фабрикасы” жобасы арқылы танылған әншіге халықтың рухани әрі материалдық көмегі қажет.
Әншіге қойылған диагноз – мойын бөлім омыртқасының С5-6-7 дискісінің кифоз ауруы бар орталық грижа. Бұл нақты диагноз емес. Әншінің өзі халықтың көмегінен бас тартқан. Алайда өнердегі әріптестері ауыр хале жатқан әншінің бірауыздан қолдауды сұрайды. Оның еміне 11 мың -20 мың доллар, ұшақ пен виза қонақүй ақысы үшін 5 мың-9 мың доллар қажет.
Реквизиттер: Каспий Голд -5169 4931 4110 7725. Каз Ком-Халық банк: 4003 0327 2713 1545
ИИН: 941110300125 Qiwi: +77079929094. KZ876017523000083060.
Айта кетейік, Дәулет Болатов Тараз қаласындағы қазақ-түрік лицейінің түлегі. Қытай мемлекеті, Guandong провинциясы, Guanjou қаласындағы “Jinan” университетінде білім алған. Ресейлік “Жұлдыздар Фабрикасы” жобасына қатысып, ақтық мәреге жетіп, жүлдегер атанған.
Баян Алагөзованың “Саз Әлемі”жобасында, “Әгугәй” әнімен “Жылдың үздік әні” номинациясын жеңіп алған.