Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нәби Аймұратовтың бұрынғы жары екінші рет тұрмысқа шықты

Нәби Аймұратовтың бұрынғы жары екінші рет тұрмысқа шықты

2000 жылдардың басында халыққа танылған Нәби Аймұратовтың бұрынғы жары қайта тұрмыс құрды. Бұл туралы Stan.kz тілшісіне сайт оқырманы айтып берді.
Жазира Аймұратованың таңдауы Азамат есімді жігітке түскен.
Естеріңізде болса, “Гүлімсің”, “Мүмкін емес” сынды бірқатар әндерімен танылған Нәби Аймұратов 2009 жылы жол апатынан көз жұмған еді. Мектеп кезінде танысқан Нәби мен Жазира 8 жылға жуық уақытын бірге өткізген. Кейіннен отау құрған. Араларында бала болмаған.
Нәби Аймұратовтың бұрынғы жары қайта тұрмысқа шықты
2009 жылы Нәби Аймұратов “Самара-Шымкент” тас жолының Шиелі аумағында көлік апатына түскен. Тойдан қайтып келе жатқан әнші оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Stan.kz​​​
24 қараша 2018 ж. 6 754 0