Асылбек Боранбай: Ол еш нәрсемен өлшенбейтін ерекше сезім!
Жуырда ғана «Арал ауданының құрметті азаматы» атанған ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы драма театрының актёрі. «ТТТ»-театрының директоры Асылбек Боранбай instagram желісіндегі парақшасында қуанышымен бөлісті.
«Қайырлы күн жақсыларым! 22 қазанда Республика күніне орай,Арал ауданының 95жылдығы мерей тойы атап өтілді. Бүкіл ел болып берекелі тойымызды сән салтанатымен керемет деңгейде өткіздік.Тілекші болып алыстан келген қонақтардың ,жерлестердің санында шек болмады.
Осы мерекеге орай маған «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Туған жерімнің құрметіне бөлену ол еш нәрсемен өлшенбейтін ерекше сезім. Осы орайда Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов мырзаға алғысымды айтқым келеді. Барша Аралдықтарға ,ыстық лебіздеріңізбен құттықтап жатқан сіздерге де рақмет» - деп жазды актер.
Оны желідегі оқырмандары да құттықтап, лайықты құрмет екендігін айтып, «Құтты болсын.Өз еңбегіңіздің жемісі.Еліңіздің,Сыр елінің бір туар азаматы Асекең.Туған жердің құрметіне бөлену ол бір бақыт», «Құтты болсын», «Еңбегіңіз жемісті бола берсін» деген тілектерін жазды.
"Толқын" ақпарат