Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жанатбек Бәйтеков алтыншы рет әке атануға дайындалып жүр

Жанатбек Бәйтеков алтыншы рет әке атануға дайындалып жүр

Актер әрі жүргізуші Жанатбек Бәйтеков жақында елімізге белгілі жұптардың басын қосып, концерт өткізді. Алайда өзінің жұбайын аталған кешке қатыстырмады. Бұған қарап көпшілік Жанатбек жұбайын сырт көзден қызғанады деп топшылады. Алайда оның себебі басқа болып шықты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Жеңгеңіздің үйде бес баласы бар. Алтыншысына дайындалып жатыр, Құдай қаласа. Концертті жеңгемізбен жүргізбейсіз ба? – дейді. Ол кісі өнерден сәл алыстау. Одан кейін өзі сахнаға шығып, телеарнаға шыққанды ұнатпайды. Концерт жүргізбек түгілі суретке де менімен түспейді ол. Көрермендермен мүлде түспейді, мені балалармен түсіреді”, – дейді Жанатбек.
Сұхбат барысында Бәйтеков өзі ұйымдастырған концерт жайлы айта кетті.
“Жай отбасын ала салайын десең, оларды танымауы мүмкін. Осы Қанат Айткүл ағаларымыздан бастап, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер бар. Олар да Алашқа әйгілі азаматтар, қандай азаматты елге танытып отыр. Бір жастыққа бас қойып, соңына дейін шыдап білсе, бізден де өнерлі, талантты азаматтар туар, спортшылар, қолөнершілер, дәулескер күйшілер туатын шығар деген ниет болды. Сондықтан жұбайымыз екеуміз ақылдасып, бір үлесімізді қоссақ деген оймен туды”, – деп атап өтті ол.
Stan.kz
05 қаңтар 2019 ж. 1 356 0