"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Литвинов Александр өмірден озды

“Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті. Ол біздің "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы. Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын бейнесімен сақталады”, – делінген жазбада.
Желі қолданушылары да марқұмның жақындарына көңіл айтты.
“Арты қайырлы болсын”, “Жақсы адам, таланттың музыкант еді”, “Арты қайырлы болсын”, “Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз, қош болыңыз”, – деп жазды желідегілер.